"Қазгидромет" елдің басым бөлігінде ескерту жасады

Бөлісу:
"Қазгидромет" елдің басым бөлігінде ескерту жасады
Фото: архив

Синоптиктер ертең, 13 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астанада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. қ.

Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. қ.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 13 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы