"Қазгидромет": Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

2 Наурыз 2025, 08:15
382
Бөлісу:
"Қазгидромет": Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктердің 2 наурызда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын, жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында - көктайғақ, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында – жаяу бұрқасын, батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – желдің күшеюі күтіледі, - деп атап өтті компаниядан.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы