Жел, тұман, көктайғақ: бүгінгі ауа райы қандай?

Бүгiн, 08:09
451
Бөлісу:
Жел, тұман, көктайғақ: бүгінгі ауа райы қандай?
Фото: BAQ.KZ - архив

13 наурызда еліміздің басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, республиканың шығыс және орталық бөлігіндегі ауа райын антициклон анықтайды.

Шығыс пен орталықта жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Ал елдің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарына батыс циклон ойпаты әсер етеді, онда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. Елдің оңтүстігінде оңтүстік циклон шұңқырының арқасында күн шуақты және құрғақ ауа-райы басым болады, сондықтан бұл аймақтардағы ауа жылынады. Жалпы ел аумағы бойынша тұман күтіледі, - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстігінде ауа температурасы түнде 10-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан 2-ге дейін, елдің шығысында 15-27-ден 7-20-ға дейін, күндіз 2-13-тен 3-ке дейін, елдің батысында, оңтүстігінде күн райы түнде 0-8-ден 10-22-ге дейін құбылады.

Өзгелердің жаңалығы