"Қазгидромет": 5 тамызда Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болжанды

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желсіз немесе әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

 pixabay 5 Тамыз 2026, 08:54
5 Тамыз 2026, 08:54
197
Фото: pixabay

5 тамызда Қазақстанның бір қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 5 тамызда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желсіз немесе әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ауа сапасының төмендеуі тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал. Ластану деңгейінің қалыптасуына желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы сияқты синоптикалық жағдайлар әсер етеді.

Қолайсыз метеожағдай кезінде мамандар мынадай сақтық шараларын ұсынады:

  • ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмау;
  • балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ серуендеуден бас тартуы;
  • өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдардың қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі;
  • ашық ауадағы ауыр дене жүктемесін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысы мен Астана қаласында дауылды ескерту жарияланған болатын.

Наверх