"Қазгидромет" 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

22 Мамыр 2024, 23:40
498
Бөлісу:
"Қазгидромет" 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 мамырда еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы