Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық вакцинаның атауына қатысты пікір білдірді.
Өзге елдердің вакцинасымен салыстыратын болсақ, ресейлік «Спутник V» атауы вакцинаның саудаға шыққандағы атауы. Ал оның ғылыми атауы - Gam-Covid-Vac. Бұл атаулар ешкімде ешқандай сұрақ тудырмайды, - деді Закарья.
Ол айтқандай, есесіне қазақстандық вакцинаның атауы бойынша сұрақ көп туындайды.
Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы - QazCovid-in, саудаға шығарылатын атауы - QazVac. Яғни екеуі бір вакцина болып табылады. Тек ғылыми және саудаға шығарылған атауы әртүрлі, - деді зерттеу орталығы директоры.
Сондай-ақ ол вакцина жасау тәжірибесіне 200 жыл екенін айтты.
200 жыл тарихы бар вакцинологияда барлығы зерттелді. Коронавирус жаңа болса да, осыған дейінгілермен салыстырғанда әлсіз вирус болып есептеледі. Сондықтан ешқандай ауытқу болмауы керек, - деді Күнсұлу Закарья.
Айта кетейік, ғылыми-зерттеу институтының директоры қазақстандық вакцинаның неге ресейліктен кеш әзірленгенін түсіндірді.