Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны қанша?

31 Наурыз 2021, 20:07
1869
Бөлісу:
Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

Бүгінгі таңда біз «СҚ-Фармациямен» келісім жасадық. Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны – 4,7 доллар. Бұл вакцинаның таза өзіндік құны. Ары қарай қаншаға сатылатынына қатысты мәселе менің құзіретімде емес, - деді ол.
Ғалым қазақстандық вакциналар арнайы сертификатталған құтылармен тасымалданатынын айтты.

Біздің вакциналар арнайы құты сауытқа құйылып сатылады. Біз қазір қажет құтыларды сатып алдық. Оған кез келген құты жарай бермейді. Сертификатталған, белгілі бір құтылар ғана жарайды. Біз Қытай Халық Республикасына тапсырыс бергенбіз. Институтқа 3 млн дана құты әкелінді. Олар қазір бос, келешекте оларға біздің вакциналар құйылады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы