Qazcontent қызметкерлері жаңа қоныс иесі атанды

28 Маусым 2024, 16:39
428
Бөлісу:
Qazcontent қызметкерлері жаңа қоныс иесі атанды
Фото: BAQ.KZ

Астанада Президент атынан БАҚ саласында қажырлы еңбең еткен қызметкерге пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ қызметкерлеріне жалпы 67 пәтер берілді. Оның ішінде 21 көпбалалы отбасы болғанын айта кетейік.

Кәсіби мереке аясында Qazcontent акционерлік қоғамының 3 қызметкері жаңа қоныс иесі атанды. Олар: BAQ.KZ ақпарат агенттінің аға шығарушысы Айнұр Тұмақбаева, Baigenews.kz сайтының бас редакторы Гүлмира Билялова, компанияның құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы Аяулым Жақыпова.

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі екенін айтқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, лайықты еңбек бағалануға тиіс.

Былтырдан бері мереке қарсаңында журналистерге пәтер кілтін табыстауды дәстүрге айналдырдық. Бұл үрдіс биыл да, алдағы уақытта да жалғаса береді, — деген еді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы