Qazcontent «На грани жизни» деректі фильмін түсірді

20 Сәуір 2023, 18:11
1048
Бөлісу:
Qazcontent «На грани жизни» деректі фильмін түсірді
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов Фотоға кадрдан скрин

Бүгін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында «На грани жизни» деректі фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздегі донор мен органдар трансплантациясы туралы «На грани жизни» деректі фильмінің («Қыл үстінде») көрсетілімі өтті. Фильмде өмір үшін күрес пен жанқиярлық, қиын жағдайда тағдырлары тоғысқан адамдар және трансплантациямен айналысатын мамандардың ұжымдық жұмысы бейнеленген.

Фильм барысында жүрегін ауыстыруға мұқтаж науқаспен, дәрігерлермен ота жайында сұқбат жүргізіліп, операцияға дейін және одан кейінгі зерттеулер жасалды.

Фильмнің басты кейіпкері – Талғат Айнамқұлов. Ол жүрек алмастыруға кезекте тұрған қазақтың бірі. Айнамқұлов 10 жылға жуық уақыт бойы дәрігерлердің бақылауында болған.

Qazcontent «На грани жизни» деректі фильмін түсірді

Мен шамамен жеті жылдан бері жүректі ауыстырып салу үшін кезекте тұрдым. Осы жақында ғана дәрігерлер жүрек табылуы мүмкін екенін айтып, тексерістен қайтадан өтуімді сұрады. Әлбетте, осы сәтті ұзақ уақыттан бері күттім. Бұл өмірдің маған берген сыйы деп ойлаймын. Аппарат орнатылған сөмкемен жүремін. Екі келі 850 грамды өзіңмен бірге алып жүру де оңай емес. Кейде бұл сөмкені тастап кеткіңіз де келеді, - деп айтты Талғат Айнамқұлов.

Жүрек орталығы басқарма төрағасының орынбасары Әйгерім Әбдіоразованың айтуынша, бұл фильмде бұрын ешкім түсіре алмаған ерекше кадрлар көрсетілген.

Qazcontent «На грани жизни» деректі фильмін түсірді

Бұл – команданың қайтыс болған донордың органдарын алу үшін Астанадан Шымкентке ұшып бара жатқан кадрлары, - деді ол

UMC басқарма төрағасы Юрий Пяның айтуынша, өлімнен кейінгі донорлық тақырыбын айту және көтеру өте маңызды.

Qazcontent «На грани жизни» деректі фильмін түсірді

Егер ағза донорлығы туралы, атап айтқанда, өлгеннен кейінгі донорлық туралы айтатын болсақ және біздің елімізде 20 миллион адам бар екенін ескерсек, алдымен салыстыру үшін бірден Хорватия сияқты шағын мемлекетті мысалға келтіргім келеді. Хорватияда шамамен бес миллион халық бар және жылына 50-ге жуық жүрек трансплантациясы жасалады. Бұл қайтыс болғаннан кейінгі донорлық. Егер бізбен салыстыратын болсақ, онда бізде халық саны төрт есе көп, ал жүрек трансплантациясы 10 есе аз, - деді ол.

Қолда бар статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда жылына 140-қа жуық адам трансплантацияға мұқтаж болса, 7-8 адам ғана келісімін беріп, оларға ота жасалады.

Фильмді Qazcontent акционерлік қоғамы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы және Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығымен бірлесіп дайындады.

Деректі фильмді Youtube желісіндегі Qazcontent арнасынан көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы