Qazcontent референдум барысын тікелей эфирден көрсетеді

Бүгiн, 12:43
205
Бөлісу:
Qazcontent  референдум барысын тікелей эфирден көрсетеді
Фото: BAQ.KZ

"Qazcontent" АҚ ұжымы республикалық референдумнан тікелей эфирден хабар таратуды 13:00-де  бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Эфир барысында тілшілер еліміздегі және шетелдердегі дауыс беру учаскелерінен тікелей қосылымдар жасап, референдумның өту барысы туралы маңызды ақпаратпен бөліседі. Отандық және халықаралық бақылаушылардың пікірлері, сондай-ақ референдумға қатысушылардың көзқарастары да назардан тыс қалмайды.

Тікелей эфирде тілшілеріміз әртүрлі аймақтардағы дауыс беру белсенділігін, ұйымдастыру шараларының деңгейін және халықтың көңіл-күйін көрермендерге жеткізеді. Шетелдердегі дауыс беру учаскелерінен де қосылымдар жоспарланған, осылайша, Қазақстаннан тыс жерде жүрген азаматтардың да референдумға қатысуы көрсетіледі.

Сонымен қатар, эфир барысында қазақстандық сарапшылармен студияда тікелей сұхбат жүргізіледі. Олар референдумның мән-маңызын, оның ел болашағына ықпалын талдап, өздерінің кәсіби көзқарастарын білдіреді. Сарапшылар референдумның құқықтық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерін түсіндіріп, халықты қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.

Эфирді baq.kz YouTube арнасынан онлайн көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы