"ҚазАвтоЖол" жолды өзі салып, өзін-өзі бақылайды – депутат

Бөлісу:
"ҚазАвтоЖол" жолды өзі салып, өзін-өзі бақылайды – депутат
Фото: "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов автомобиль жолдарына жауап беретін компаниялардың жұмысына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттің 100% үлесі бар "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы - автомобиль жолдарының ұлттық операторы. Бірақ ол бір уақытта 2 функция атқарады. Атап айтқанда, олар автомобиль жолдарын салады және оларды реконструкциялау, жөндеу мен күтіп-ұстаудың ұйымдастырылу барысы мен сапасын бақылайды. Яғни бұл компания жолды өзі салып, өзін-өзі бақылайды екен, - дейді депутат.

Оның айтуынша, осындай жағдай Жол активтері сапасының ұлттық орталығында да бар. Дәлірек айтқанда, ол жобаларға ведомстволық сараптаманы өзі жүргізеді, таңдау түріндегі құрылысқа ұсыныстарды өзі береді және мердігер ұйымдардың жұмысынан кемшіліктерді өзі табады. Сабильяновтың сөзінше, мемлекеттің стратегиялық міндеттерін іске асыру кезінде бұған жол берілмеуі тиіс.

Бұдан басқа, жергілікті техникалық қадағалау қызметтері жұмысының әлсіздігі байқалуда. Олар атқаратын жұмыстардың сапасы үлкен наразылық тудырады, техникалық қадағалау функциялары формальды түрде орындалады, - деп айтты Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Өзгелердің жаңалығы