Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"ҚазАвтоЖол" Тараз-Шымкент жолындағы жүк көлігінің апаты бойынша пікір білдірді

6 Маусым 2025, 23:29
627
Бөлісу:
 видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

"ҚазАвтоЖол" компаниясы Тараз - Шымкент автожолындағы жол-көлік оқиғасы бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 6 маусым сағат 21:30 жағдай бойынша көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылуда. Үшінші күн қатарынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұзаққа созылуының себебі – ірі габаритті жүк арнайы техниканы пайдалануды қажет етеді.

Оқиғаның салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жүргізушілерден жолдың осы учаскесінде қозғалыс ерекшеліктерін ескеріп, барынша сақ болуды сұраймыз, – деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Тараз - Шымкент автожолында ірі габаритті жүк көлігімен орын алған жол-көлік оқиғасы туралы хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы