Күн райының бұзылуына байланысты еліміздің тағы бір өңірінде жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
11 қарашада сағат 00:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Қызылорда - Павлодар” автожолының 433-750 шақырым аралығында (Жезқазған қаласынан Жанаарқа ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - деп атап өтті компаниядан.
Еске салайық, бұған дейін ауа райының қолайсыздығы себепті бірнеше өңірде жол жабылған болатын.
Оқи отырыңыз: