«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері ұсталды. Залал сомасы белгілі болды

8 Қаңтар 2024, 20:03
2417
Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері ұсталды. Залал сомасы белгілі болды
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - архив

Антикор ҚазАвтоЖол лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам. Соттың санкциясымен барлық күдіктілер: Қазавтожол филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы