Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы компания басшысы Асқар Мұратұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.
Бүгін менің «Қазавтожол» ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Ең бастысы – осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар менің әріптестерімнің жемісті еңбегі деп білемін, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Еске сала кетейік, Асқар Мұратұлы ұлттық компания басшылығына былтырғы жылдың сәуір айында келген болатын.