"Қазақтелекомның" лауазымды тұлғалары өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

Бөлісу:
"Қазақтелекомның" лауазымды тұлғалары өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді
Фото: BAQ.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қазақтелеком" АҚ филиалы – Сервистік фабриканың лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Филиалдың бұрынғы бас директоры мен бірқатар қызметкерлері "Қазақтелекомның" Тараз қаласындағы әкімшілік ғимаратын кәсіпкерге өте төмен бағада сатып жіберген деген айып тағылып отыр. 

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.  

Өзгелердің жаңалығы