Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан - біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Әрине, біз қазір шағын құрамдағы келіссөзде өзара іс-қимылдың барлық мәселесін талқыладық, осындай үлкен екі жақты процестің аясында туындайтын мәселелерге назар аудардық. Кейбір мәселелер, Ресейдің назарын аударуды талап етіп жатады енді бірде сіз ресейлік серіктестерден белгілі бір шешімдерді күтесіз, - деді Ресей басшысы.
Путин Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы артып келе жатқанын атап өтті.
Келіссөздер барысында байқалғаны, осы мәселелердің бүкіліне жауап іздеуге деген ниет бар және сұраққа жауап та табылып жатыр. Біз бірлесіп шеше алмаған бірде-бір мәселені білмеймін. Осындай ыңғаймен үлкен жетістіктерге жетеміз. Қазақстан бүгінгі таңда сіздің басшылығыңызбен тамаша жетістіктерге жетіп жатыр. Бұл бізді де қуантады. Өйткені, ынтымақтастық деңгейі артып келеді. Ол қазірдің өзінде 30 млрд долларға жетіп қалды. Бүгінгі күннің барлық қиындығына қарамастан өзара іс-қимыл тек кеңейіп, екі тарап үшін де қызықты және өзара тиімді бола түсті, - дейді Владимир Путин.