«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті санында бірыңғай жинақтаушы зетнетақы қоры жайында айтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл 1 шілдеден бастап елімізде Әлеуметтік кодекс күшіне енді.
Енді салымшалар өзінің зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ала алады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы елдегі экономикалық ахуалға байланысты. Инфляцияның төмендеуі, бағалардың тұрақтылығы зейнетақы жинақ ақшасының нақты құнына тікелей әсер етеді. Жарналардың тұрақты түрде түсуі инвестициялық кіріске де әсер етеді. Себебі көп сома инвестицияланған сайын пайда да көбірек болады.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тарихы қандай? Қандай дағдарысты басынан өткерді? Зейнетақы жинақ ақшасы салық па? Қазақстанның зейнетақы жүйесі қандай деңгейден тұрады?
Бұған дейінгі репортаж «Қазақстан халқына» және «Ұлттық қор – балаларға» қорларының жұмысы жайлы болған еді.