Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде Нұр-Сұлтан мен еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында түнде тұман болады. Солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болады. Күндіз солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысында таулы, тау бөктеріндегі аудандарда, солтүстікте, батыста, таулы аймақтарда, тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болады. Жел күші секундына 15-20 метр күшейеді, солтүстікте шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде шаңды дауыл, күндіз бұрқасын болады.
Ақтөбенің батысында, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, Жамбылдың таулы аймақтарында, оңтүстікте, Алматының таулы аймақтарында, түнде Атырау облыстарының шығысында жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болады. Батыста және оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең шығыста тұман болады.
Ақмоланың батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. СҚО-ның кейбір өңірінде қатты жел екпіні 23 м/с жетеді.