Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкт-Петербург – Сочи бағыты бойынша Airbus жолаушылар ұшағының экипажы миналау туралы жалған хабарламаға байланысты дабыл белгісін басуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде РИА Новостиге берген мәліметінде А319 ұшағы апатты жағдай жариялап, Астраханьға қонуға келе жатқанын айтқан.
Дереккөздің айтуынша, кейін төтенше жағдай кілт тоқтатылып, ұшақ Сочиге штаттық режимде ұшып кете барған.
Ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігінен Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:50-де аман-есен жоспарға сай ұшып өтті, - деді авиациялық әкімшіліктегілер.
Бұған дейін Қазақстанның төбесінен ұшып өткен Airbus general emergency (дабыл) белгісін бергені хабарланған.