Қазақстанның Сыртқы істер министрі БРИКС-тің министрлік сессиясына қатысады

10 Маусым 2024, 12:05
358
Бөлісу:
Қазақстанның Сыртқы істер министрі БРИКС-тің министрлік сессиясына қатысады
Фото: Арман Мухатов - Архив

Бұл туралы СІМ өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

10-11 маусымда Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен БРИКС-тің дамушы елдермен диалогының министрлік сессиясына қатысу үшін Ресейге сапармен барады. Іс-шара Нижний Новгород қаласында «Әділетті жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақты нығайту» тақырыбымен өтеді», - деді Айбек Смадияров.

Сессияға БРИКС-ке мүше елдердің басшылары мен Сыртқы істер министрлері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы