Елдегі цифрлық экономиканы дамытуда негізгі рөлді Astana Hub экожүйесі атқарып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ведомствоның жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде Astana Hub алаңында шамамен екі мыңға жуық IT-компания шоғырланған. 2025 жылы хаб желісі 20 өңірлік және төрт халықаралық алаңды қамтыды. Қатысушылардың жиынтық табысы 800 млрд теңгеге жетіп, 20 пайыздық өсім көрсетті. Ал елдің IT-экспорты 700 млн долларды құраған.
Халықаралық хабтар арқылы 100-ден астам қазақстандық стартап шетел нарықтарына шықты. Экожүйе аясында өңірдегі алғашқы технологиялық "бірмүйіз" — Higgsfield.ai қалыптасты. Венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін мақсатты көлемі 1 млрд доллар болатын Qazaqstan Venture Group құрылды, оның ішінде қазіргі таңда 115 млн доллар тартылды, — деп толықтырды министр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алғашқы метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге қалдырылғаны туралы жаздық.