Қазақстанның Франциядағы елшісі тағайындалды

23 Шілде 2022, 10:05
1750
Бөлісу:
Қазақстанның Франциядағы елшісі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.

 

Өзгелердің жаңалығы