Байқау өз шығармашылығын сынап көргісі келетін және техникалық білімін тексергісі келетін өршіл әуесқой-фотографтарды шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бейнесуреттерге арналған цифрлық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы Canon компаниясы жыл сайынғы Redline Challenge 2023 фотосурет байқауының басталуы туралы жариялайды.
Осы жылы алғаш рет қазақстандық фотографтар өз шығармашылық әлеуетін көрсете отырып, бас жүлде – Canon EOS R5 камерасы мен RF 24-105 мм f/4 L IS USM әмбебап объективі үшін әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды әуесқой-фотографтармен сайысқа түсуге бірегей мүмкіндіктері пайда болды.
Өтінімдерді қабылдау басталды және 2023 жылдың 16 қыркүйегінде аяқталады.
2023 жылғы байқаудың тақырыбы - "Room to Breathe", яғни тыныстау үшін, әрбір сәттен ләззат алу үшін тоқтай алу мүмкіндігі ретінде белгіленді. Бұл тақырып аясында қатысушыларға өздерінің шығармашылық әлеуетін таныту және «азырақ дегеніміз көбірек» тәсілін ұстана отырып, бірегей фотографияларды жасау ұсынылады.
Фотографтар кез келген жанрда дарындылығын таныта алады. Байқауға қатысуға мәлімделген жұмыстар кез келген құрылғыда жасалуы мүмкін.
Фотосуреттер композиция, жасампаздық, техникалық шеберлік бойынша және тақырыпты қаншалықты дәл аша алғаны бойынша бағаланатын болады. Жеңімпаз 2023 жылдың қазанында жарияланады.