Қазақстанның ЕЭО-ға мүше елдермен сауда айналымы 28,5 млрд долларға жетті

9 Мамыр 2024, 02:15
595
Бөлісу:
Қазақстанның ЕЭО-ға мүше елдермен сауда айналымы 28,5 млрд долларға жетті
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент осыдан он жыл бұрын Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи шартқа қол қойылғанына назар аударды.

Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде біздің Одақ халықаралық кеңістікте өзіндік орны бар маңызды әрі перспективті интеграциялық бірлестікке айналды. Ортақ күш-жігердің арқасында мыңнан астам түрлі нормативтік құжат қабылданды. Онжылдықтың макроэкономикалық қорытындысы бірлестігіміздің таңдаған даму бағыты дұрыс екенін көрсетті. Қазақстанның одаққа мүше елдермен сауда айналымы 1,7 есе артып, 28,5 миллиард долларға жетті. Ал экспорты 2 еседен астам өсті. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына ықпал етеді. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімі 5,1 пайызға артты. Біз мұны жақсы нәтиже деп санаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы