"Қазгидромет" РМК бүгінге, 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, 2025 жылғы 16 сәуірде еліміздің көп бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, найзағай, ал кей аймақтарда қар аралас жауын-шашын болады.
Оңтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, таулы өңірлерде жаңбыр мен қар күтіледі. Түнде шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын болжануда. Батыс және оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың көптеген бөлігінде тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге жел күшейеді. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 30 м/с-тан асады, - делінген хабарламада.
Кейбір облыстарда түнде 1–3°C дейін аяз болады. Аяз әсіресе Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Абай, Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында күтіледі.