Қазақстанның бірнеше өңірінде өрт қаупі жоғары болады

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҚР ТЖМ 23 Тамыз 2025 2025, 09:47
23 Тамыз 2025 2025, 09:47
595
Фото: ҚР ТЖМ

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Солтүстік пен шығыста күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл көтеріліп, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында + 35... + 40 ° С қатты ыстық күтіледі, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ азаматтарды:

  • от жақпауға;
  • ашық далада шылым шекпеуге;
  • қураған шөптің жанында шөп өртемеуге шақырады.
Наверх