Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 2020 жылдың 16 шілдесінде ауа райының қатты ысуына байланысты дауылды ескерту жасады.
Түнде 17 шілдеде Атырау облысында кей жерде найзағай күтіледі, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 17 шілдеде қатты ыстық 34-39 градус, оңтүстікте 42 градус және өте жоғары өрт қауіпі сақталады, - делінген хабарламада.
Атырау қаласында күндіз 17 шілдеде өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады.
17 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай болады, желдің бағыты оңтүстік- шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
17 шілдеде Маңғыстау облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық сақталады.
17-18 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкент қаласында 17-18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Түркістан қаласында 17-18 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 17-19 шілдеде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай қаласында күндіз 17-19 шілдеде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 17 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 17 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
17 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
17 шілдеде Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қаласында күндіз 17 шілдеде қатты ыстық 36-38 градус күтіледі.
17-20 шілдеде күндіз Жамбыл облысында кей жерде 40°С-ка дейін қатты ыстық күтіледі.
Тараз қаласында 17-20 шілдеде күндіз 38°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%, - деп қосты синоптиктер.