Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Ал Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.