Қазақстанның барлық өңірінде Психологиялық қолдау орталығы ашылады

15 Мамыр 2024, 18:06
486
Бөлісу:
Қазақстанның барлық өңірінде Психологиялық қолдау орталығы ашылады
Фото: Арман Мухатов - архив

ОКҚ-да өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балаларға мектеп қабырғасында психологиялық қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалар арасындағы буллинг, кибербулинг проблемаларын шешуде психологиялық қолдау қызметтің рөлі өте зор. Осы мақсатта қазірдің өзінде еліміздің 12 өңірінде Психологиялық қолдау орталығы ашылды. Осындай орталықтар барлық өңірде ашылады, - деді ол.

Бұдан бөлек, әрбір мектепте буллингке қарсы бағдарлама енгізу жоспарланып отыр. Халықаралық озық тәжірибеге негізделген бағдарлама пилоттық режимде 110 мектепке енгізіледі.

Балалардың құқықтарын қорғау саласында тәуелсіз құқық қорғау институтын нығайту мақсатында бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітілді, - деп түсіндірді вице-министр брифингте.

Өзгелердің жаңалығы