Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Бүгiн, 10:53
48
Бөлісу:

Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубының «Конституция: Қазақстанның тарихи таңдауының айнасы» атты отырысын өткізді. Талқылау елде жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістер аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алаң жұмысына сарапшылар қауымдастығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, елдің 20 өңірінен азаматтық альянс көшбасшылары, сондай-ақ Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Бұл пікірталастың кең өңірлік және кәсіби деңгейде өтуіне мүмкіндік берді.

Кездесу барысында азаматтық қоғам институттарының конституциялық реформаны іске асыруға қатысуы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және реформаларды дайындау мен талқылау үдерісіне қоғамның қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдайтыны туралы ресми мәлімдеме жасап, оның елдің саяси жүйесін одан әрі дамытудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар Конституциялық комиссия мүшелеріне атқарылған жұмыс пен азаматтық қоғам ұсыныстарына назар аударғаны үшін алғыс білдірілді.

Өзгелердің жаңалығы