Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бөлісу:
Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: архив

«Қазгидромет» синоптиктері ертең, 30 тамызда Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жөғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Өзгелердің жаңалығы