Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстаннан Таяу Шығысқа ұшақтар қайта жолға шығады

Олжас АДАЙ
25 Маусым 2025, 12:51
896
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив/ Артём Чурсинов
Фото: BAQ.KZ - архив/ Артём Чурсинов

Air Astana Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайының тұрақталуына байланысты аталған бағыттарға ұшуды қайта жандандырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуларды қайта бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, тұрақты рейстер 25 маусымнан бастап орындала бастайды. Бүгінгі күнге жоспарланған рейстер (уақыты жергілікті уақытпен көрсетілген):

• KC205 Астана – Дубай, 11:00;
• KC206 Дубай – Астана, 16:40;
• KC653 Алматы – Доха, 11:00;
• KC654 Доха – Алматы, 15:05;
• KC897 Алматы – Дубай, 11:15;
• KC898 Дубай – Алматы, 16:10.

Бұдан бөлек, ең сыйымды Boeing 767 әуе кемесімен репатриациялық рейс те орындалады. KC8980 рейсі Дубайдан Алматыға 17:40-та ұшады.

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға байланысты аталған бағыттағы рейстер уақытша тоқтатылған болатын

Сондай-ақ, СІМ Таяу Шығыс елдеріндегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы