Биылғы 9 айда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 18,4 млрд доллар болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5% артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тауар айналымының басым бөлігі – бірден 67,8%-ы импортталады. Жыл басынан бері Қазақстан Ресейден 12,4 миллиард доллардың тауарын импорттаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,8%-ға артық.
Қазақстаннан Ресейге экспорт тиісінше тауар айналымының 32,2%-ын құрады. Бұл қазірдің өзінде 5,9 млрд доллар, жылдық өсім 15,1%. Қазақстанның жалпы тауар айналымы құрылымындағы Ресейдің үлесі 18,7%, импорт құрылымында - 36%, экспорт құрылымында - 9,3% болды, деп жазды Finprom.kz.
Қазақстаннан Ресейге ең танымал экспорт санаттары:
– металдар және олардан жасалған бұйымдар (1,5 млрд доллар),
– минералды өнімдер (1,4 млрд доллар),
– химия өнеркәсібі өнімдері (1,3 млрд доллар),
– машиналар, аппараттар мен жабдықтар (1,2 млрд доллар),
– ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары (349,5 млн доллар).
Бұл ретте Қазақстанға көбінесе Ресейден жеткізіледі:
– машиналар мен жабдықтар (2,5 млрд доллар),
– металдар және олардан жасалған бұйымдар (2,3 млрд доллар),
– АӨК және азық-түлік өнімдері (2,2 млрд доллар),
–химия өнеркәсібі өнімдері (2,1 млрд доллар),
– минералдық өнімдер (1,5 млрд доллар).
Биыл 1 шілдеде Қазақстан резиденттерінің Ресейден келген инвесторлар алдындағы міндеттемелерінің көлемі бірден жылына 70,5%-ға өсіп, 22,4 млрд долларға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ресейлік инвестиция портфелі 13,1 млрд доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ға өсті.
14 қарашада Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 19,85 млрд доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артық.