Қазақстаннан қашып, Грузияда жасырынған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

10 млрд теңге жымқырып, Грузияда жасырынған.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 10:43
Бүгiн 2026, 10:43
255
Фото: видеодан скриншот

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген тұлға Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен аталған елден Қазақстан азаматын экстрадициялады. Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар қасақана ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан топ құрамында бола отырып, 2019–2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталды. Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде азаматтарға жоғары табыс табуға уәде беру арқылы 10 млрд теңгеден астам қаражат тартылған. Сыбайлас қатысушылардың бірқатары бұрын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, алаталған күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2026 жылғы ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды, - деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейсов. 

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Наверх