Қазақстан азаматтары 83 млн теңгеден астам ақшаны Өзбекстанға алып өтуге тырысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы 6 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Ауежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде "Астана – Ташкент" халықаралық рейсінің жолаушыларынан ақшалай 180 мың АҚШ долларын (83 601 000 теңге) тапты.
Кеден қызметкерлерінің айтуынша, ақша иелері кедендік тексеру кезінде оларға қарсылық білдіріп, кедергі келтірген.
Құқық бұзушыларға қатысты жинастырылған материалдар ҚР ҚК 234-бабы бойынша қылмыстық істер қозғау жөнінде шешім қабылдау үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды, – делінген ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, ҚР Ұлттық банктің белгілеуі бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын елден тысқары алып шығуға тыйым салынады.