Қазақстанға несиеге пайыз қоспайтын банк келуі мүмкін

12 Қазан 2022, 10:17
7053
Бөлісу:
Қазақстанға несиеге пайыз қоспайтын банк келуі мүмкін

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанға келуі мүмкін Marsaf ислам банкі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Masraf Ол ислам банкі. Өздеріңіз білетіндей, олардың қызметі ерекше. Несиеге пайыз қоспайды. Оның қашан ашылатындығына қатысты мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр, – деді Сауда министрі.

Сонымен қатар Сауда министрі Катар мемлекетімен құқықтық база жолын салатын ауқымды келісімдерге келетінін айтқан болатын.

Жалпы, Катар Парсы шығанағындағы өте күрделі мемлекет. Бірінші кезекте, өте бай ел. Біздің Катармен  қарым-қатынасымыз бұрыннан жақсы деңгейде келеді. Бүгін  мемлекеттер екі шартқа қол қояды. Олар біріншіден, метрологиялық сертификация, екіншіден, сауда-экономикалық ынтмақтастық туралы келісімдер. Бұл екі елдің сауда байланысына құықтық база қалыптастырып, жол ашатын болады, - деді Жұманғарин.

Өзгелердің жаңалығы