Қазақстанға кімдер жиі келеді?

27 Қаңтар 2025, 20:26
277
Бөлісу:
Қазақстанға кімдер жиі келеді?
Фото: BAQ.KZ архив

"Kazakh Tourism"-нің "eQonaq" жүйесі Қазақстанға жиі келетін шетелдік туристердің жас ерекшеліктері туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы мәліметтерге сүйенсек, елімізге келген ең белсенді саяхатшылардың жасы – 35-39 аралығында. 

Екінші орында 30-34 жас аралығындағы келушілер, ал үшінші орынды 40-44 жастағы шетелдік туристер иеленді.

Талдау "eQonaq" ақпараттық жүйесінде тіркелген орналастыру орындарының деректерін қамтыды. Өткен жылы шетелдік қонақтардың негізгі бөлігін 30-44 жас аралығындағы туристер құрады - 653 мыңнан астам адам. 

25-29 жас аралығындағы жас саяхатшылар келесі позицияны иеленді (шамамен 174 мың адам), ал 45-49 жас аралығындағы шетелдік келушілер 156 мыңнан асады.

Орналастыру орындарында шетелдік туристердің басым бөлігі ер адамдар болды-70,5%. Қазақстанға іскерлік мақсатта 150 мыңға жуық шетелдік қонақ келген.

Өзгелердің жаңалығы