Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанға әлем жұлдыздары Timbaland, Nicole және Busta Rhymes келеді

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 12:36
208
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ коллажы
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

2026 жылы әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттер өтеді. Мамыр айындағы алғашқы концертке Timbaland, Nicole Scherzinger және Busta Rhymes қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында "Kazakh Tourism" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді.

Биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Алғашқы концертке Timbaland, Nicole Scherzinger, Busta Rhymes және басқа да әртістер қатысады, ол мамыр айына белгіленген, - деді ол.

Талғат Ғазизов жалпы жыл соңына дейін кемінде 5 ірі концерттік шара өтеді деп күтілетінін хабарлады.

Timbaland пен Nicole Scherzinge мамыр айының ортасында өнер көрсетеді деп жоспарлап отырмыз, - деді ол. 

Алматыдағы концерт 2026 жылғы 16 мамырда өтеді, билет бағасы 24 000 теңгеден басталады. Ал Астанада әншілер 2026 жылғы 17 мамырда сахнаға шығады, билеттердің ең төменгі құны – 25 520 теңге. Билеттерді zakazbiletov.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. 

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 тамыз күні кешке Астана қаласында америкалық поп-дива Дженнифер Лопес өнер көрсетті. Ал 2025 жылғы 10 тамызда Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің Up All Night әлемдік туры аясындағы көптен күткен концерті өтті.

Өзгелердің жаңалығы