Қазақстанға 5G байланысы қашан енгізіледі– министр жауап берді

18 Маусым 2024, 10:38
365
Бөлісу:
Қазақстанға 5G байланысы қашан енгізіледі– министр жауап берді
Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Жаслан Мәдиев елімізге 5G байланысы қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кселл және Теле2 операторлары Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастырады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс, – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

Министр 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 млрд теңгеден астам инвестиция салатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы