Қазақстандықтарға түрлі салада 50 жасанды интеллект агенті көмектеседі

AI агенттері eGov, медицина және бизнесте енгізіліп, қызметтерді жеңілдетіп, тәуекел мен шығынды азайтады

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 10:39
Бүгiн 2026, 10:39
202
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында қазақстандықтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған жаңа шешімдер әзірлеу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, мемлекеттік органдар әртүрлі салалар бойынша азаматтар үшін 50-ден астам AI-агентті қалыптастыруда. Олар халықтың өмір сүру сапасын және бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыратын болады. Қазірдің өзінде осы шешімдерге практикалық сұраныс бар, - деп атап өтті вице-премьер.

Мәселен:

  • eGov AI ассистенті 2,3 миллионнан астам рет пайдаланылды,
  • құқықтық AI-кеңесші 230 мыңнан астам кеңес берді,
  • AI-терапев 35-тен астам клиникада енгізілуде,
  • сондай-ақ білім беру саласында AI-агенттер енгізілуде.

 

Наверх