Қазақстандықтарға неге сапасыз тауарлар келеді? – министр себебін түсіндірді

Кеше, 10:47
403
Бөлісу:
Қазақстандықтарға неге сапасыз тауарлар келеді? – министр себебін түсіндірді
Фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев шетелдік интернет-дүкендерге тапсырыс беретін азаматтардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, бұл жағдай тұтынушылар үшін қызмет көрсету сапасын, тауарлар ассортиментін және бағаларды жақсартуға ықпал етеді деп күтілген.

Алайда, трансшекаралық онлайн-сауданың дамуы тұтынушылардың шетелдік маркетплейстерге қатысты шағымдарының артуына алып келуде. Мұндай мәселелер шетелдік маркетплейстер мен сатушылар Қазақстан юрисдикциясынан тыс жерде орналасқандықтан туындап отыр. Бұл өз құқықтарын толықтай қорғай алмайтын тұтынушылар үшін қауіп-қатерлерді тудырады, - дейді Шаққалиев Үкімет отырысында.

Шаққалиевтің айтуынша, елдер арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан, тауарларды қайтару немесе айырбастау талаптарын орындау мүмкін бола бермейді.

Шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар сертификаттау рәсімінен өтпейді, бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қауіп төндіреді. Осыған орай, бұл мәселелерді заңнамамен реттеу қажет екенін атап өткен жөн, - деді Сауда министрі.

Еске салсақ, елімізде электрондық сауда 5 есе өскені, электрондық сауда инфрақұрылымы дамып жатқаны туралы және қазақстандықтар үшін онлайн сауда тиімді екені анықталғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы