Қазақстандықтардың құндылық бағдарлары белгілі болды

20 Наурыз 2024, 19:15
693
Бөлісу:
Қазақстандықтардың құндылық бағдарлары белгілі болды
Фото: Арман Мухатов - архив

2024 жылғы 26 ақпан - 11 наурыз аралығында eGov mobile платформасында басым құндылықтарға қатысты азаматтарға сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтанулық деректер қазақстандықтар үшін дәстүрлі құндылықтар аса маңызды екенін көрсетеді. Мәселен қазақстандықтардың құндылық бағдарлары жүйесінде денсаулық (69,70%), балалар (39,71%), отбасылық әл-ауқат (22,74%) және бейбіт аспан (17,96%) сияқты құндылықтар басым. 

Бұл қазақстандықтардың өз денсаулығын сақтауға және балалар мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне зор мән беретінін көрсетеді.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандар махаббат (15,38%), қауіпсіздік (13,61%), берік отбасын құру (13,30%), материалдық байлық (12,30%), жұмыс (11,50%), еркіндік (11,48%) сияқты құндылықтардың маңыздылығын көрсетуде. 

Айта кетейік, сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен 104 842 адам қатысты. Оның ішінде 56% әйелдер және 44% ерлер; 69% қала тұрғындары және 31% ауыл тұрғындары; 67% қазақтар, 20% орыс және 13% басқа этностар; 30% (18-29 жастағылар), 52% (30-45 жастағылар), 15% (46-60 жастағылар), 3% (61 және одан жоғары жастағылар).

Өзгелердің жаңалығы