Қазақстандықтардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізілді

25 Қаңтар 2024, 23:49
537
Бөлісу:
Қазақстандықтардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізілді
Фото: Архив BAQ.KZ

Азаматтық қоғам істері комитеті «Десента» қоғамдық қорымен бірлесіп өңірлердегі ағымдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтау мақсатында халықтың қажеттіліктеріне бағалау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағалау өңірлік сарапшылардың, белсенді қоғам қайраткерлерінің пікірлерін ескере отырып жүргізілгенін атап өткен жөн. Бағалау барысында сараптамалық, жаппай сауалнамалар, фокус-топтар әдістері қолданылды және іс-шаралар қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірленді.

Осылайша, өңірлердегі әлеуметтік жағдай мен алаңдатарлық мәселелер Халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінің картасында көрініс тапты.

Бағалау қорытындыларымен, сондай-ақ Мұқтаждықтар мен қажеттіліктер картасымен көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/592683?lang=kk .

Жоба шеңберінде әзірленген ұсынымдар, сондай-ақ зерттеу қорытындылары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде ҮЕҰ арналған әлеуметтік жобаларды қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы