Қазақстандықтардың орташа табысы қанша?

Кеше, 16:30
267
Бөлісу:
Қазақстандықтардың орташа табысы қанша?
Фото: Арман Мухатов - Архив

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың IV тоқсанында жалақының медианалық мәні 308 717 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, орташа атаулы жалақы 434 982 теңге болды.

Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда ең жоғарғы жалақы өсімі ақпарат және байланыс (32,8%), ауыл шаруашылығы (22,7%) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,3%) салаларында байқалды. Ал білім беру (5%) және денсаулық сақтау (7,6%) салаларында өсім айтарлықтай төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы өсімі Алматы мен Шымкент қалаларында (13,6%), Қарағанды (13,2%), Солтүстік Қазақстан (12,9%) және Ақтөбе облыстарында (12,6%) тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы