Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство басшысы денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасын атап өтті.
Өткен жылы халықтың жалпы өлімі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға төмендеді, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің 33%-ға, обырдан болатын өлім-жітім 8%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім 1,7 еседен астам төмендеді, туберкулезден болатын өлім-жітім 17,6%-ға төмендеді, - Ажар Ғиният
Ол Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2022 жылы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 3 жылға артып, 73 жылдан астам уақытты құрағанын атап өтті. Бұл факт 2025 жылы өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.