Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

27 Наурыз 2025, 20:48
433
Бөлісу:
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты
Фото: BAQ.KZ архив

2024 жылы Қазақстан халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жасты (2023 жыл – 79,06), ал ерлер арасында 71,33 жасты (2023 жыл – 70,99 жас) құраған.

Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген – 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 72,48 жас.

Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – бұл белгілі бір жылы туылған адамның орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін статистикалық көрсеткіш, бұл ретте ұрпақтың бүкіл өміріндегі өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жыл деңгейінде өзгеріссіз қалу шарты бар.

Өзгелердің жаңалығы