Қазақстандықтардың жиі демалатын ТОП-10 ел анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл мәліметті "Туристік Қамқор" КҚ айтты.
2024 жылдың 1 қаңтарынан 1 желтоқсанына дейін 1 002 802 қазақстандық шетелде демалған. Былтыр бұл көрсеткіш 794 194 азамат еді. Өткен жылдың жалпы көрсеткіші 794 194 туристті құраған, бұл биыл қазақстандықтардың пакет турларды жиі таңдағанын көрсетеді.
Дәстүрлі түрде қазақстандықтардың ТОП-10 тізімін Түркия бастап тұр, одан кейін Египет, БАӘ, Вьетнам, Таиланд, Қытай, Грузия, Мальдив аралдары, Катар және Шри-Ланка.
Елімізде туристердің визасыз режим бойынша баруға мүмкіндігі бар елдердің тізімі де кеңейтілген. Мәселен, Қазақстан азаматтары үшін Грузия, Черногория мен Хорватияға визасыз кіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Мальдив аралдары мен Таиланд сынды бағыттар жыл бойы климаттық қолайлылығымен ерекшеленеді.
Алдағы жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыстар қарсаңында туркодтың маңыздылығын да есте сақтау керек. 2016 жылдан бері туроператорлардың туркод беруі заңмен міндеттелген. Туркод – бұл әріптік-сандық бірегей код, оны тексеру арқылы турист ұшақ билеті мен тұру ақысының туроператор тарапынан төленгеніне сенімді бола алады. Туркодты www.fondkamkor.kz сайтында тексеруге болады.
Сонымен қатар, тур сатып алған кезде, турагенттіктің мемлекеттік тізімде бар екеніне көз жеткізіңіз және келесі құжаттардың толық пакетін сұраңыз: турқызмет көрсету келісімшарты, ваучер, сақтандыру, туркод.
Саяхаттау адам жанына тыныштық сыйлап ғана қоймай, оған тіл үйрену секілді жаңа мүмкіндіктер жолын ашады. Тіпті, кейбір туристер тіл үйренуге немесе үйренген тілін шетелдіктермен сөйлесу арқылы жетілдіру үшін саяхатқа шығады.
Жалпы, тіл үйренудің ең тиімді тәсілі – бұл сол тілде сөйлейтін адамдардың ортасында болып, олармен күнделікті қарым-қатынаста болу екені сөзсіз. Ал саяхат бұл тұрғыда адамға көп көмегін тигізеді.