Қазақстандықтар жаңа жылда шетелге шығуға қанша ақша жұмсайды

28 Қараша 2023, 21:05
851
Бөлісу:
Қазақстандықтар жаңа жылда шетелге шығуға қанша ақша жұмсайды
Фото: BAQ.KZ - архив

2022 жылы қазақстандықтар туризмге 225 млрд теңгеден артық ақша жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандықтар жаңа жылда шетелге баруға қанша жұмсайды және қысқы турлардың бағалары бір жыл ішінде қаншалықты өзгергені туралы Freedom Life ӨСК мамандары анықтады.

ҚР АСПР ұлттық статистикасы бюросының мәліметтеріне сәйкес, 975 мыңнан астам қазақстандықтар 2021 жылмен салыстырғанда, 2022 жылы шетелге саяхаттауға 11% артық шыққан. 2023 жылдың соңында, шетелге шығатын қазақстандық туристердің саны 1,5 млн азаматтан асатын болады.

2022 жылы қазақстандықтар сыртқы туризмге 225 млрд теңгеден артық жұмсаған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда, 42% артық.

Шетелге шығуға ең көп шығынданатындар Алматы қаласының тұрғындары (аумақ бойынша жалпы сомасы 71 млрд теңге), Қарағанды облысы бойынша (34,8 млрд теңге), және Астана бойынша (34,3 млрд теңге) құраған. Ең аз жұмсайтындар-Абай облысының тұрғындары (264,3 млн теңге), Ақтөбе облысы бойынша (379,2 млн теңге) және Ұлытау облысы бойынша (879,5 млн теңге) құрайды.

Алайда, бір адамға шетелдік саяхаттаудың орташа құнынан есептесек, шетелге шығу ең қымбат Қарағанды облысының тұрғындарына түседі (бір адамға 388 мың теңге). Қызылорда облысында (373 мың теңге), Павлодар облысында (337 мың теңге) және алматылықтарға (331 мың теңге) құрайды. Шетелге шығудың ең төмен орташа бағасы Абай облысының тұрғындарына түседі (бір адамға 61 мың теңге), Ақтөбе облысында (75 мың теңге), Батыс Қазақстан облысында (89 мың теңге) және Шымкентте (112 мың теңге).

Өзгелердің жаңалығы