Қазақстандықтар тікелей Делиге ұша алады

26 Қыркүйек 2023, 10:56
459
Бөлісу:
Қазақстандықтар тікелей Делиге ұша алады
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Үндістанның IndiGo лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын тұрақты негізде кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. 

Биылғы жылдың 24 қыркүйегінде Үндістанның "IndiGo" лоукостер әуе компаниясы А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Дели-Алматы бағыты бойынша Қазақстанға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосты. 

Қазақстандықтар тікелей Делиге ұша алады

Дели мен Алматы қалалары арасындағы бірінші рейсте орташа коммерциялық жүктеме 69%-ды құрады. Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады. 

Айта кетейік, "IndiGo" - арзан әуе тасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және ATR-72 болатын 300-ге жуық А-320, А-321 типті әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық бағыттар (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Өзгелердің жаңалығы